Маңғыстау облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен "Taza Qazaqstan" экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Акция аясында Сайын Шапағатов елдімекенінде Каспий жағалауын тазарту жұмыстары жүргізілді. Акцияға "Қоғамдық келісім" КММ қызметкерлері, әзербайжан, неміс және қырғыз этномәдени бірлестік өкілдері мен ҚХА және "Клуб добряков Ақтау" еріктілері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 35 адам. Шара аясында 70 қап қоқыс жиналды.
"Акцияның мақсаты теңіз жағалауын қоқыстан тазарту ғана емес, сонымен қатар өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу, азаматтардың табиғатқа ұқыпты қарауы, қоғамның назарын экология мәселелеріне аудару," - деп атап өтті Хитеш Вадодария.