Ақтау гарнизонындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне келген 130-дан астам сарбаз әскери ант берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қарағанды, Түркістан және Ақтөбе облыстарынан келген жігіттер Отан алдындағы борыштарын енді Маңғыстау облысында өткереді. Олар егжей-тегжейлі медициналық тексеруден, сондай-ақ психологиялық тестілеуден өтті. Жас жауынгерлерді тестілеу кезінде бөлім командирлері әрбір әскери адамның білім деңгейі мен моральдық-психологиялық ұстанымдары туралы ақпарат берді.
- Жігіттер бір айға созылатын жас жауынгер курсынан өтті. Әскери дайындық негіздерін зерделеп, қызметке байланысты күнделікті жағдайларда іс-қимыл алгоритмін талдады. Оларға теориялық және практикалық сабақтарды арнайы даярланған офицерлер мен сержанттардың арасынан іріктелген кәсіби нұсқаушылар жүргізді. Жаңадан келген жауынгерлермен бастапқы оқу пәндері бойынша сабақтар, практикалық оқ атулар өткізілді, – деді әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімінің командирі, подполковник Марат Құдабаев.