Бүгін Ақтау қаласы әкімінің орынбасары М.Абдыкадировтың төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды төмендету және тежеу туралы меморандумды ұзарту бойынша кездесу өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кездесуге қаланың ірі сауда желілерінің яғни, Дина, Анвар, Алтын Фуд, Дана, Лидер сауда орталықтарының директорлары қатысты.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығы қала әкімдігінің басты назарында және осы бағытта жұмыстар жалғасатын болады.