Мас күйде көлік жүргізген тұрғын 7 жыл көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бейнеу аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, С. «УАЗ» автокөлігін есірткілік масаң күйінде басқарған, бұл медициналық куәліктің хаттамасымен және қорытындысымен расталып, онда құқық бұзушының масаң күйде болуы анықталған.
Соттың қаулысымен С. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, оған 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылған, делінген Бейнеу аудандық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.