Ақтау қаласының маңында орналасқан авиациялық базаның құрылу мерейтойына орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аталған әскери бөлім соңғы үлгідегі ұшақтармен және тікұшақтармен жабдықталған. Олардың мүмкіншіліктері өте жоғары. Ауа райының кез келген жағдайында, күндізгі және түнгі уақыттарда еркін ұшуға болады.Бүгінгі таңда ұшқыштардың дайындығын шыңдау мақсатында ұшақпен, тікұшақпен оқу-жаттығулар жоспарлы түрде өткізіліп тұрады.
Осы кезеңге дейінәскери бөлімнің жеткен жетістіктері де аз емес. Халықаралық армия ойындарына қатысып, жүлделі орындарға да ие болған. Олар дене даярлығы мен пилоттық техниканы меңгеріп, нысанаға дәл соққы жасау мен ұшу өнеріншеберлікпен сәтті орындап келеді. 2012 жылы авиабазаның ұшқыштар құрамы Қарағанды облысындағы «Сарышаған» полигонында ҚР ҚК Әскери әуе күштерінің ұшу-тактикалық оқу-жаттығуына қатысты.
- Авиациялық база Батыс өңірінде орналасқан маңызы бар объект ретінде әуе шекарасын, еліміздің тыныштығын қорғау үшін жауынгерлік кезекшілік атқарып келеді. Осы жылдар аралығында шетелде және елде болып жатқан жауынгерлік оқу-жаттығуларға қатысып, шеберліктерін жоғары деңгейде көрсете білді, - деді авиация базасының командирі полковник Медет Әскетаев.
Салтанатты жиында өңірдегі ғана емес, елдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қырағылық танытқан әскерилерге құрмет көрсетілді. Бөлім командирі полковник Медет Әскетаевтың атынан алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.