Маңғыстау облысындағы авиация базасы командирінің тәрбие және идеология жұмыстары жөніндегі орынбасарының бастамасымен әскерде құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында әскери қызметшілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Әскердегі қылмыстың алдын алу тақырыбында бөлімнің жеке құрамына сабақ өткізілді.
Аталмыш шараның мақсаты – профилактикалық сабақ жүргізу арқылы әскери қызметкерлер арасында орын алатын қылмыстың алдын алу мен оны болдырмау.
Бас қосу барысында әскери ортада жиі кездесетін қылмыстар туралы айтылды. Ақтау гарнизоны бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған әскери қызметшілер мысалға келтіріліп, тыңдаушыларға заң бұзуға жол бермеу жайында ескертілді. Жалпы, мұндай сабақтардың берері мол ойламын, - деді авиациялық база командирінің орынбасары подполковник Асқар Қарамергенов.
Шара соңында әскери бөлімнің қызметшілері шараны ұйымдастырушыларға сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.