Маңғыстау облысы бойынша агроөнеркәсіптік кешенінің инвестициялық жобаларын іске асыру жөніндегі Жол картасы бекітілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
2021-2025 ж. аралығында жалпы соммасы 144 млрд. теңге болатын 20 инвестициялық жоба иске асады. Оның ішінде 6 - жылыжай, 5 - балық, 2 - сүт өңдеу, 2 - құрама жем, жоңышқа, сүт өнімін өңдеу, құс фабрика саллары, азық-түлік қоймасы және ұнімінөңдеу.
Инвестиции жобалар иске асқан жағдайда 4000-ға жуық жаңа жұмыс орын ашылады деп күтілуде. Сонымен қатар, жылына 5 000 тонна құс еті, жылыжайлардан 23 400 тоннаға жуық көкөніс өнімі, 15 000 тонна құрама жем-шөп, 1,4 млн. дана жұмыртқа, 960 тонна ұн, 75 тонна сүт өнімі, 41 570 тонна балық өнімі, 40 тонна жоңышқа өнімдерін алу көзделген. Нәтижесінде аймақты ішкі өніммен қамтамасыз ету деңгейін 25% -дан 40% -ға дейін көтеруге мүмкіндік болады.
Биыл жылпы құны 8 млрд. тенге болатын 10 инвестициялық жоба іске асырылып, 191 жаңа жұмыс орыны құрылады деп күтілуде.
1. Жаңаөзен қаласында «Тайбурыл» ШҚ - «Жаңбырлату әдісімен жоңышқа егу».
2. Мұнайлы ауданында орналасқан ЖК «Сармурзина» - «Азық-түлік сақтау қоймасы».
3. Түпқараған ауданында орналасқан «АқтауАгро» ЖШС - «Құс фабрика зауыты».
4. Мұнайлы ауданында орналасқан «Жамалбек» ЖШС - «Құрама жем зауыты».
5. Мұнайлы ауданында орналасқан «Полимер Пласт Ақтау» ЖШС - «Сүт өндіру» цехы.
6. Мұнайлы ауданында орналасқан «ЖК Абдуллаева» - «1 га жылыжай кешені».
7. Маңғыстау ауданында орналасқан «Сегізбай Ата» - «Ұн өңдеу цехы».
8. Маңғыстау ауданында орналасқан «Актау BS Строй» ЖШС - «1 га жылыжай кешені».
9. Түпқараған ауданында орналасқан ЖК «Хамзин» - «Гидрапоника арқылы жем дайындау».
10. Ақтау қаласы бойынша «Булекбаев» ЖК - «Балық өсіру» жобасы.
Бұдан бөлек, 2021 жылы жол картаға әлі енгізілмеген құны 600 млн. тг. болатын 5 жоба иске асырылуда. Жұмыс басталғанда қосымша 103 жаңа жұмыс орны ашылады.