Облыстағы Серікбол Қондыбай атындағы музей "Үздік ауылдық музей" атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 18 мамыр “Халықаралық музейлер” күніне орай өткізілген "МузейFEST-2021" Республикалық онлайн конкурсына қатысқан Серікбол Қондыбай атындағы Маңғыстау мемориалдық музейі "Үздік ауылдық музей" номинациясын жеңіп алды, делінген хабарламада.
Айта кетейік, Серікбол Қондыбай өлкемізден шыққан географ, өлкетанушы, тарихшы және тұңғыш мифолог. «Маңғыстау географиясы», «Гиперборея түс көрген заман шежіресі», «Есен қазақ», «Қазақ даласы және герман тәңірлері», «Арғықазақ мифологиясы» атты еңбектердің авторы. Ол Қазақстанда мифтік лингвистикалық мектептің негізін салушылардың бірі. Ол осы жолда мифтік деректер мен мифологиялық нышан-символдарды жүйелеудің әдістемесін және әдіснамасын қалыптастырды.