Ақтау гарнизоны Әскери полициясы бөлімінің әкімшілік тәжірибе бөлімшесі «Айыппұлсыз жыл» акциясын ұйымдастырды. Бұл гарнизондағы құқық бұзушылықтардың алдын-алуға бағытталған профилактикалық іс-шара.
Акция барысында әскери қызметшілердің әскери қызмет саласында, қызметтен тыс уақытта қоғамдық орындарда, отбасында қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері қозғалып, орын алған құқық бұзушылықтардың жағдайы жеткізіліп, олардың жауапкершіліктері кең ауқымда түсіндірілді.
Ақтау гарнизонының Әскери полиция бөлімінің офицерлерімен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисімен тоқсан сайын жеке құраммен әскери қызметпен байланысты емес әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында салыстырма жұмыстары жүргізіледі.
Осы бағытта Ақтау гарнизоны Әскери полиция бөлімі «Әскерде қылмысқа орын жоқ» акциясы аясында 2021 жылдың 1-ші тоқсанында әртүрлі сала органдарымен әкімшілік жауаптылыққа тартылғандығы бойынша әскери қызметшілер құқықтық түсіндіру жұмыстары, сабақтар жүзеге асырылуда.
Осындай іс-шаралардың әскери бөлімдер мен әскери мекемелерде жиі өткізілуі, әскери қызметшілердің құқық бұзушылықтан аулақ болуға, әскери ұжымда әскери тәртіптің нығайуына бірден-бір себеп болып табылады деп сенеміз, - дейді Ақтау гарнизоны Әскери полиция бөлімінің әкімшілік тәжірибе бөлімшесі офицері, әділет лейтенанты Әділет Ермахан.
Сонымен қатар, «Әскерде қылмысқа орын жоқ» бағдарламасы аясында Ақтау гарнизонының жеке құрамына Қазақстан Республикасы қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі талаптарын жеке құрамға жеткізу бойынша дәрістер өткізілді.