Ақтау қаласында армандарды орындайтын Қордың филиалы ашылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
“Menin Armanym” - 3-тен 18 жасқа дейінгі ауыр науқас немесе ауруы емделмейтін балалардың армандарын жүзеге асырумен айналысатын Корпоративтік қор.
Қазақстанда он мыңға жуық ауыр кеселге ұшыраған, ауруы емделмейтін балалар бар. Қайырымдылық жобаның негізгі мақсаты - балалардың асқақ армандарын орындау. Ауыр науқас балаларға рух беріп, өмірге деген құштарлығын оятып, талпыныс беру.
Қор балалардың үйдегі, ауруханадағы немесе арнайы мекемедегі көңілсіз күндеріне шуақ төгіп, аз болса да қуаныш пен шаттық сыйлағысы келеді. Қордың ұраны - “Мейірімге толы тасқын бол”.
Қор балалардың арманын орындау үшін қаржы жинаумен айналысады. (Ескерту: Жиналған қаржы заттай сыйлық сатып алуға және баланы емдеуге жұмсалмайды).
Мекен-жайы: “Республика” БО, Алматы қаласы, Республика алаңы-13, 2 қабат; 214-офис.
Байланыс үшін:
+7 (727) 259‒78‒15
+7‒700‒101‒00‒46
Instagram: @menin.armanym
Сайт: menin-armanym.kz