Іргесі берік елді жау алмас,
Дауысы бірге елді дау алмас
(қазақ мақалы)
Ел үшін аса күрделі, қиын кезеңде бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгіп, «Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін» деген қағиданы ұстанып, еңбек етудің нәтижесінде биік белестерді бағындырған болатынбыз.
Еліміздің егемендік алғанына биыл 30 жыл толуда. Осы бір уақыт ішінде еліміз аяғына тік тұрып, дамыған елдер қатарынан көріну үшін бірқатар жұмыстар атқарып келуде. Десек те, жаңа заманның қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаһандық ахуал біздің көз алдымызда өзгеріп келеді.
Дағдарыс тығырығынан шығу, жаңа белестерді бағындыру, қандай қиындықтар болса да әлемдегі озық елдердің қатарынан көріну мақсатынан таймау үшін халықтық реформаны жүзеге асыратын Ұлт Жоспарына қуат беретін міндеттер айқындалды. Олар қаржылық секторды тұрақтандыру, бюджет саясатын оңтайландыру, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру, жаңа инвестициялар тарту, жаңа әлеуметтік саясатты жүзеге асыру.
Оның бірін атап өтер болсақ, ол Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдайдың жақсаруы және сол бағытта үкімет тарапынан бөлінетін ынталандыру шаралары. Сонымен қатар, өндірістің әр саласында: энергетика, мұнай-газ, тамақ өнеркәсібі, ауыл және мал шаруашылығы, металлургия, құрылыс, транспорт және басқа да салаларында еліміз алға дамуда.
Қазақ халқы өзімен көршілес тәуелсіз елдермен, одан да басқа шет елдермен жақсы қарым-қатынасын жоғары бағалайды. Қазақстан президенті әлемде мемлекеттер арасында орын алған алауыздық пен жанжалдықты тоқтатуға, мемлекеттерді бір-бірімен достастыруда бітімгер ролін орындауда. Бұл қазақ халқымыздың ынтымақтастығының, қонақжайлығы мен кең пейілдігінің бір дәлелі.
Бүгінгі күні елімізде көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асып жатыр. Оның ішінде: балабақша мен мектеп құрылысы, ауыл және мал шаруашылығы, тұрғын үй және т.б.
Еліміз өркениетті елдер қатарына қосылып, жастарға көп көңіл бөлінуде. Жастарымыз экономика мен саясаттың белсенді мүшелері болып келеді. Білімді жастар жоғары оқу орындарын басқаруда. Спортшыларымыз алдыңғы қатардан көрініп, әрбір Олимпиададан жүлделі оралады, мұның өзі Қазақстан спортының дамуының көрсеткіші.
Еліміздің алға басуының, атқарылған жұмыстардың жемісті болуының бірден бір себебі – Қазақстан халқының еңбегі мен Елбасы саясатының кемел ақыл-парасаты.
Біздің барлығымыз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне жауаптымыз. Дағдарысты еңсеру әрине оңай емес, сондықтан әр қазақстандық «Мәңгілік Ел болу» болу жолында бәріміз бірігіп, жұдырықтай жұмылуымыз керек. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп ата-бабаларымыз бекер айтпаса керек. Сонда ғана алға қойған арман – мақсаттарымызға бірлесіп жетеміз деп ойлаймын.
М.И.Сардарбек,
Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары