Ақтаудың орталық көшелеріне энергия үнемдейтін, LED-шамдарды орнату жұмыстары басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бірінші кезекте қаладағы 7 мың жарық бағанасындағы 2 мың лампа ауыстырылады. Осылайша, қаладағы жарықтың 30%-ы жаңарады. Бұл мақсатта бюджеттен 400 млн.тг бөлінді. Алғашқы кезеңдеХҚКО-нан бастап (15 шағынаудан) 1 шағынауданға дейінгі орталық жолға 400-ге жуығы қойылады.
Жаңа шамдардың басты артықшылығы, қызмет ету мерзімінің ұзақтығы, энергия тұтынудың төмендігі және экологиялық қауіпсіздігі.
«Жарықдиодты шамдар сынапты шамдармен салыстырғанда электр энергияны 1,5 - 2,5 есе аз тұтынады. Мысалы, ескі шамдар 250 Вт тұтынса, қазіргі щамдар 120 Вт тұтынады. Әр шамда барлық деректерді контроллерлер арқылы жалпы базаға беру үшін күңгірт блоктар қойылған және IP мекенжайы орнатылған, оның көмегімен шамның жұмысын бақылап отыруға болады. Бірінші кезеңді наурыз айының аяғына дейін аяқтау жоспарланып отыр», - дейді «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК учаске басшысы Ағлен Сәрсенғалиев.
Бұдан бөлек, 1 ай бұрын Ақтауда барлық жаяу жүргіншілер жолағын жарықтандыру жүргізіліп жатқандығын хабарлаған болатынбыз.Осы уақытқа дейін халықтың сұранысына орай, көлік қозғалысы көп 27 жолаққа шамдар орнатылды. Алдағы уақыттақала көшелеріндегі барлық 187 жолақ қамтылмақ.
«Жаяу жүргіншілер жолының жарықтарын өз күшімізбен орнатып жатырмыз. Әуежай жолындағы ескі бағаналарды қалаға орнату арқылы қаражатты үнемдеп, жұмсамадық. Бастысы, халықтың сұранысы орындалуда. Үнемделген қаражатты абаттандыру жұмыстарына, шағынауданішіндегі жолдаудың жөндеу жұмыстарына жұмсаймыз. Жылдың аяғына дейін 700 жарық бағанасын қайта өңдеп, жаяу жүргінші өткелдеріне қоямыз. Жалпы, жарықтандыруға бөлінген 300 млн. теңгені үнемдедік», - дейді Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.