Ақтау-Үргеніш бағытында әуе рейсі ашылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Хорезм облысының әкімшілік орталығы Үргенішке “Скат” әуе компаниясының ұшағы аптасына 2 рет дүйсенбі және сәрсенбі күні қатынайды.
“Бұл - Қазақстан мен Өзбекстан арасында тікелей қарым-қатынас орнатуға тамаша мүмкіндік. 8 наурызда Boeing 737 ұшағы алғашқы рейсті сәтті орындады. Билеттің орташа бағасы 73 мыңнан басталады", делінген әуекомпанияның баспасөз қызмет таратқан ақпаратта.