Кеше (29 желтоқсан) Маңғыстау облысында КВИ табылған 11 адамның деректері белгілі болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оның ішінде 8 жағдай Ақтау қаласында, 2 жағдай Түпқараған ауданында, 1 жағдай Мұнайлы ауданында тіркелді.
Жас ерекшеліктері бойынша бөлінуі: 14 жасқа дейінгі - 2 жағдай, 20-29 жас - 3 жағдай, 30-39 жас - 3 жағдай, 50 - 59 жас - 1 жағдай, 60 жастан жоғары – 2 жағдай.
2020 жылдың 27 наурыз - 29 желтоқсан аралығында облыс бойынша коронавирус жұқтырған (Covid-19) 3 682 жағдай тіркелді, оның ішінде 1 271 жағдай симптомды және 2 411 жағдай симптомсыз.