Маңғыстауда жеке тұрғын үй құрылысы мен мемлекеттік бағдарламалар тиімді жүргізіліп жатыр. Нақты айтқанда, көрсеткіш 13,5%-ға өсіп, 151,9 млрд теңгені құрады. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл шамамен 7 400 пәтер. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемін 1,2 млн шаршы метрге жеткіземіз деген жоспар бар. Бұл жөнінде Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
«Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 154 отбасы баспаналы болды. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолжетімді баспанамен қамту мақсатында 130 отбасыға тұрғын үй сертификаты берілді. Жыл соңында тағы 419 отбасыға пәтер беру жоспарланып отыр. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал тобы – 204, көп балалы отбасы – 215. Бұған 2,9 млрд теңге бөлінген», - деді С.Трұмов.
Бұдан бөлек жаңаөзендіктерге Ақтау қаласынан тұрғын үй беру үшін 150 пәтер бөлінді. Ал «7-20-25» бағдарламасы аясында 8,1 млрд теңгеге 800-ге тарта өтінім мақұлданды. Бұған қоса «Шаңырақ» пилоттық жобасы «5-10-20» бағдарламасымен тұрғындарға 93 пәтер берілді.