Кеше облыс әкімі Серікбай Трұмовтың төрағалығымен аппарыттық жиын өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күн тәртібінде елімізде «Тұрғын-үй қатынастары туралы» заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды жүзеге асыру мәселелері, 9 айда жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы сөз болды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының күшіне енуіне байланысты «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына өзгерістер енгізілді.
Оның ішінде өзгеріс енгізілген негізгі мәселелер:
Аталған Заңға және ережеге сәйкес, әлеуметтік инфрақұрылым нысандардарында газ қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету өкілеттіктері қала және аудан әкімдіктерінің тұрғын үй инспекциясына берілді.
Маңғыстау облысы бойынша 1705 көппәтерлі тұрғын үйдің (Бұдан әрі - КПТҮ) 457-сі кондоминиум объектілері бар.
Кондоминиум объектілерін мемлекеттік тіркеу процедурасы заңмен жеңілдетілгеніне қарамастан, Маңғыстау облысында 2019 жылдың қазанынан бастап бүгінгі күнге дейін Жаңаөзен қаласын қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден кондоминиумының объектілері өтпеген. 2019 жылдың 1 қазанынан 2020 жылдың 20 қазанына дейінгі аралықта Жаңаөзен қаласында 18 кондоминиум нысаны тіркелген.
Мысалы, Ақтау қаласының тұрғын үй инспекциясы ұсынған мәліметтер бойынша Ақтауда 900-ден астам кондоминиум нысандары тіркелген, бұл «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының» мәліметтерімен сәйкес келмейді.
Ал, Маңғыстау және Түпқараған аудандарында қазіргі уақытқа дейін ешбір кондоминиум нысаны тіркелмеген.
Заңға сәйкес КПТҮ құжаттарын қалыптастыру және мемлекеттік тіркеуге ұсыну жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асыралады.
Осыған байланысты, кондоминиум нысандарын тіркеу бойынша қала және аудан әкімдіктері КПТҮ құжаттарын түгендеу бойынша жұмыстарды жүргізіп, құжаты жоқ КПТҮ құжаттарын дайындауға өз деңгейлерінде қаражат қарастыруы қажет.
Сондай-ақ, жиында 2020 жылдың 9 айы бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер баяндалды. Биыл соңғы 9 айында жергілікті атқарушы органдар 3 081324 қызмет көрсетілген.
2020 жылдың 9 айы қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына жүргізілген талдау нәтижесінде келесідей кемшіліктер анықталды.
ЖАО-дың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесін үйлестіретін құрылымдық бөлімшелерімен мемлекеттік қызметтердің сапасына барлығы 39 ішкі бақылау шаралары жүргізіліп, 453 бұзушылықтар анықталған.
Оның ішінде ең көп бұзушылық Түпқараған (207), Жаңаөзен қ.(68), Маңғыстау (52) ауданы әкімдіктерінде.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысы әкімі аппараты бойынша 2493 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 1993 жеке тұлға , 500 заңды тұлға.
Облыс бойынша 2020 жылдың 9 айда 1696 азамат жеке қабылдауда болды. Оның ішінде, облыс әкімі – 164, облыс әкімінің орынбасарлары – 86, қала, аудандар әкімдіктері – 1446.