Бүгін Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов «Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың жағдайы туралы» онлайн брифинг өткізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тікелей эфирде өткен шарада С.Трұмов аймақта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы баяндама жасап, тұрғындардан келіп түскен сұрақтарға жауап берді.
Маңғыстау облысының әкімдігі, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру бағытында мемлекеттік органдардағы ашықтықты қамтамасыз ету және халықпен тығыз байланыс орнату мақсатында белсенді жұмыс жасауда.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары болып саналатын білім беру, денсаулық сақтау, жер қатынастары, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және мемлекеттік сатып алу салаларында көрсетілетін қызметтерді цифрландыру жүйесіне көшірілуде. Мәселен, білім беру саласында, балабақша кезегіне тұру, құжат қабылдау электронды түрге көшірілді. Барлық мектептерде бейнекамералар орнатылған. Қазіргі таңда жедел басқару орталығымен қосу жұмыстары жүргізілуде. Мектеп сыртында орналасқан әжетханалар ғимарат ішіне енгізілді. Мектепке арналған білім платформасы «Mektep.edu» электронды жүйесі іске асырылды.
Сонымен қатар, облыс әкімдігі жанында және қалалар мен аудандарда «Маңғыстау – Адалдық алаңы» жобалық кеңселері өз жұмысын жүргізіліп жатыр. Жоба аясында «Бизнес пен инвестицияларды қорғау», «Саналы ұрпақ», «Адал жол», «Адал ұрпақ» жобалары іске асырылуда.
Маңғыстау облысы әкімдігі жанынан ашылған «Маңғыстау – ашық алаңы» жыл басынан бері 151 тұрғынды қабылдап, сұрақтарға жауап берілді.
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары саланың бірі – тұрғын үй құрылысы. Жүргізілген мониторинг барысында тиісті рұқсат құжаттарын рәсімдемей жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша 2018 жылы – 66, 2019 жылы – 130 әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды.
2020 жылы 30 нысанға қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуге хат жолданды. Қазіргі таңда, Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысының негізінде, тиісті рұқсат құжаттарын рәсімдемей, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізіп бастаған 15 құрылыс мекемесіне қатысты қосымша тексеріс тағайындау жұмыстары жүргізілуде», - деді облыс әкімі.
Сұрақ-жауап бөлімінде ауыз-су мәселесі көтерілді. Аймақ басшысы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілу сауалына толық тоқталып өтті.Мәселен,
- қалаларда - 100%;
- ауылдық елді мекендерде – 75,8 %, 58 АЕМ (ауылдық елді мекен) ішінен 44 АЕМ (халық санымен 84 % немесе 359 222 адам). 2020 жылға жоспар 79,3% (46 АЕМ).
Аудандарды орталықтандырылған ауыз сумен қамтамсыз ету: 2020 жылы Мұнайлы ауданының Қызылтөбе, Бірлік елді мекендерін, Түпқараған ауданының Ақшұқыр және С. Шапағатов ауылының жаңа жер учаскелерін су қамту жобаларының құрылысын аяқтап, бұл көрсеткіш – 79,3 % жеткізілетін болады, 58 АЕМ ішінен 46 АЕМ .
«Маңғыстау облысын ауыз сумен қамтудың 2020–2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» жобасы жасақталды.
Кешенді жоспарда негізгі үш бағытға бөлінеді. Олар:
1) Каспий теңізін тұщыту арқылы сумен қамту;
2) Жер асты суларын пайдалану;
3) Кәріз суын жасыл желектерді суаруға пайдалану.
Қазіргі таңда аталған жоспарды іске асыру шаралары жүргізілуде.
Сонымен қатар, мұз сарайын салу туралы сұрағын журналистке С.Трұмов «Өңірде қысқы спорт түрлерін дамыту және халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Ақтау қаласында мұз сарайын салу туралы шешім қабылданғаны мәлім. Қазіргі таңда «Н+Н Technika. spol.s.r.o.» ЖШС-мен Чехия еліндегі төтенше жағдайға байланысты карантин режимі енгізілгендіктен уақытша тоқтатылды», - деді.
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ