Кеше Ақтау қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімі, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау және полиция басқармасы өкілдерімен бірлескен топ қаладағы ас ішетін орындарға кезекті мониторинг жүргізді. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Басты мақсат - бас санитарлық дәрігердің Қаулысына сәйкес санитарлық нормалардың қатаң сақталуын бақылау. Мониторинг барысында қоғамдық орындардағы тұтынушылардың ыстығын өлшеу құралдары тексеріліп, нысан иелеріне санитарлық талаптар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.