Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты МО ҚКО-на сiлтеме жасап хабарлайды.
5 қазан күні Маңғыстау облысында Covid-19 індетін жұқтырған 2 адам (екеуінде де симптомсыз КВИ) анықталды. Бірінші науқас - 50 жастағы Жаңаөзен қаласының тұрғыны. Екінші науқас - 60 жастағы Бейнеу ауданының тұрғыны.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдардан тест сынамасы алынды.
Құрметті маңғыстаулықтар! Осыған байланысты, коронавирус инфекциясының қауіпті екендігін ескертіп, санитарлық ережелерді бұлжытпай орындауларыңызды сұраймыз!