Теміртау қаласы Ақтау кентінен келген делегация абыз жазушы, Маңғыстаудың мақтанышы Әбіш Кекілбаев атындағы орталыққа Сарыарқа кітапханасының жинағы "Сарыарқаның ақындарының өлеңдері" атты 100 томдық кітабын және "Елбасына тұғыр болған Сарыарқа" атты кітапты сыйға тартты. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сондай-ақ, музейге арнап, өз тілектерін қалдырды. Делегация құрамында металлург, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге оқып, Теміртаудағы комбинатта жұмыс істеген замандастары Куаныш Омашев пен Тоқтархан Исқақов бар.
Айта кетейік, Қарағанды облысындағы Ақтау кентінде кезінде 40 мыңға жуық халық тұрды. Қазір тұрғындар саны 7 мыңға жуықтайды.