Еліміздегі екі Ақтаудың әкімдері әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Сауда, экономика, білім, мәдениет, денсаулық саласында ынтымақтастық орнату мақсатында қол қойылған меморандум аясында алдағы уақытта ортақ жобалар іске аспақ. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Болашақта жас мамандардың тәжірибе алмасуын, біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру, көрме-жәрмеңкелер өткізу, инвестициялық жобалар туралы ақпарат алмасу бойынша шаралар жоспарланды. Сондай-ақ, медицина, білім мен ғылым, қоршаған ортаны қорғау сияқты маңызды бағытта да бірлесе конференция, семинар ұйымдастыру көзделіп отыр.
Еске сала кетейік, Ақтауға Қарағанды облысы Теміртау қаласы Ақтау кентінен арнайы делегация келген болатын.