Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаева хабарлады.
«Елімізде КВИ-дің өршуіне және індеттің екінші толқынының таралу қаупіне орай ДДҰ есебімен халық санының 10% екпемен қамтамасыз етілу қажет. Биылғы жылы барлығы 100 000 доза көлемінде вакцина қажеттілігі есептеліп шығарылды. Тұмауға қарсы вакцинаның 70 000 дозасы облысқа 4 қыркүйек күні жеткізілді. 2020-2021 ж.ж тұмаудың эпидемиялық маусымында А( HINI-09). A (HINI). A(H3N2) және В типті тұмау вирусының болжамына сәйкес, жіті респираторлы вирустың ауыр түрлерін тудыруы мүмкін», - деді Жамал Жаманбаева.
Айта кетейік тұмауға қарсы тегін екпе алатындарға медицина қызметкерлері, 6 айдан асқан көп ауыратын балалар, жүктіліктің екінші және үшінші кезеңіндегі аяғы ауыр әйелдер, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, медициналық бақылаудағы балалар, сәбилер үйінің балалары, медициналық және әлеуметтік мекемелердің қызмет алушылары, жүрек-қантамыр және тыныс алу органдарының созылмалы ауруы бар адамдар жатады және оларға жүргізіледі.
«Тұмауға қарсы вакцинациялау кезінде тұрғындар келесі шараларды сақтау қажет. Вакцинация 2020 жылдың 15 қыркүйегінде басталады. Сіздерді дәрігерлер өздері шақырады. Емханаға келу уақыты белгіленеді. Мұның бәрі пациенттердің ағымын реттеу және адамдардың көп жиналуына жол бермеу үшін керек. Маска режимін және арақашықтықты қатаң сақтау талап етеміз», - деді ол.