Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы ҚР ақпаратжәне қоғамдық даму Министрлігінің қолдауымен және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҮЕАҚ гранты аясында «Маңғыстау облысындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» жобасын жүзеге асырып келеді. Жоба аясында ҮЕҰ мен бастамашыл топтарға шағын гранттар беру арқылы ауыл мәселелерін шешуге бағытталған «Ең үздік жоба» ұсынған топтарға 500 000 теңгеге дейін грант беру қарастырылған. Жалпы облыс бойынша осындай 10 грант бөлу жоспарланған. Осыған орай, маусым айында әлеуметтік жобалар байқауы жарияланды.
Байқау мақсаты — әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы ауылдық ҮЕҰ мен бастамашыл топтардың әлеуметтік саласында жұмыс істеу дағдыларын арттыру, тұрақтылықты қамтамасыз ету. Жпақында осынау әлеуметтік жобалар байқауы бойынша іріктеу комиссиясының отырысы өтіп, ең үздік жобалар анықталды. Іріктеу комиссиясының құрамына Үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енген.
Жобалар байқауына 30 өтінім келіп түскен. Солардың арасында іріктеу комиссиясының шешімі бойынша барлығы 10 жоба қаржылық қолдауға ие болды. Олар — «Өркениет» ҚБ – «Мұнайлы ауданы жастар арасында ұлттық спорт фестивалін өткізу» жобасы (Мұнайлы ауданы); «Қанағат» жеке қайырымдылық қор–«Киім пішу және тігу курсын ұйымдастыру» жобасы (Қарақия ауданы, Жетібай ауылы); «Ақбөбек» ЖҚ – «Салауатты өмір салтын ұстану» жобасы (Түпқараған ауданы, С. Шапағатов ауылы); Басқұдық ауылының бастамашыл тобы Исентемирова Айгерим – «Жылы құшақ» жобасы (Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылы); Сыңғырлау ауылының бастамашыл тобы Омаров Адилбек – «Балалар ойын алаңы» жобасы (Бейнеу ауданы, Сыңғырлау ауылы); Таушық жастары бастамашыл тобы Ізбенов Шапағат – «Табиғат аясына Саяхат» жобасы (Түпқараған ауданы, Таушық ауылы); «Жайдарлы» ЖММ – «Саябақты тамшылата суару» жобасы (Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы); Рахат ауылының бастамашыл тобы Утенов Бердибай–«Балаларға базарлық» жобасы (Жаңаөзен қаласы Рахат 3 ауылы); «Мәңгілік ел Маңғыстау» ЖҚ – «28 ілмек» жобасы (Жаңаөзен қаласы Рахат ауылы); «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Мұнайлы» корпоративтік қоры – «Зағиптың қауіпсіз қозғалысы» жобасы (Мұнайлы ауданы).
Бұл жеңімпаздар алдағы 3 ай мерзім іщінде өз жобаларын жүзеге асыратын болады. Жеңімпаздардың жобасын сәтті жүзеге асырып, ауылдықтар игілігіне жаратуын тілейік.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА