Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қалалық штабтың тапсырмасына сәйкес, Жаңаөзендегі пневмониямен ауырып жатқан науқастарды емдеуге арналған құрылғыны "ӨзенМұнайГаз" АҚ-ның инженерлері жасап шығарды. Олар медицина қызметкерлерінің ұсыныстары бойынша қолданыстағы құрылғыны қайта жарақтандыру арқылы "Бобров" аппаратының аналогын әзірледі. Нәтижесі тиімді болып, оң нәтиже көрсеткендіктен мекеме мамандары тағы 100 құрылғыны дайындауға кірісті. Бүгінгі күні 25 бірлік құрылғы жасалды. Провизорлық бөлімшелерге үлестіріліп, енді пневмония диагнозы бар науқастарды емдеуге пайдаланбақ, делінген хабарламада.