Бұл туралы Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтау қалалық Бекет ата мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылды. Бас имам Қайрат Маманбаев пандемия кезінде тұрмысы төмен жандарды қолдау қажеттігін айтты.
- Ислам - қайырымдылық пен жақсылықтың діні. Мұқтаж отбасыларға азық-түлікпен көмек беруді жалғастыра береміз, - дейді Ақтау қалалық Бекет Ата мешітінің бас имамы Қайрат Маманбаев.
Мешіт қызметкерлері 50 отбасына ұн мен ет таратты. Ақтау мешіті тұрмысы төмен отбасыларға көмек беруді апта сайын ұйымдастырып, қолдан келгенше қайырымдылықтың көлемін арттыруды жоспарлап отыр.