Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында жазды.
"Discovery Channel телеарнасынан Каспий теңізі туралы деректі фильм көрсетіледі. Фильм негізінен Қазақстан аумағында түсірілген. Сіздер бұл туындыда Каспий теңізінің сұлулығы мен еліміздің жабайы аңдарын көресіздер. Туындада Каспий итбалығы мен ақбөкен көрсетілген", деп жазды ол.