Сегізінші сыныпта оқитын Мұнайлы ауданының тұрғыны Ислам Жалғасбай атасы үшін өкпені жасанды желдету құрылғысын қолдан жасап шығарды. Бұл туралы Mangystautv хабарлады.
Оқушы құрылғыны жасау үшін ең қолжетімді заттарды қолданған. Оның 67 жастағы атасына екі жақты пневмония диагнозы қойылған.
Ауруханадағы жағдайы көңіл көншітпеген соң, дәрігерлер оны үйіне алып кетуді ұсынған. Бір аптадан бері үйінде ем қабылдап жатқан жатқан атасының ауыр жағдайын көрген немересі YouTube-тан қарап, оттегі аппаратын өз бетінше жинауға шешім қабылдаған. Баланың қолымен жиналған құрылғы атасының тыныс алуын жеңілдетуге көмектесті.
- Ислам жасаған аппаратты атамыз бірнеше күн қолданды. Өкінішке қарай, біз атамыздан айырылып қалдық, қолымыздан келген барлық нәрселерді жасауға тырыстық, - деді Рахат Тұрғанов.