Жаңаөзен қаласында тұңғыш журнал шығарған, «Жаңаөзен жұлдызы» журналының бас редакторы, «Жыл журналисі 2019» номинациясының иегері, көп балалы ана Айнагүл Күшікбайдың жаңа кітабы жарыққа шықты.
«Белегім жүрегімде» деп аталатын кітап ұлағатты ұстаздарға арналған. 25 мамыр күні мектеп бітіруші түлектерді құттықтай отырып, ұстаздарға арналған жаңа кітаптың лентасы да қиылды.