Кеше қала әкімдігінің қызметкерлері құқық қорғау органдары және облыстық әкімдік қызметкерлерімен, жергілікті БАҚ өкілдерімен бірлесіп профилактикалық (түсіндіру) шаралар өткізді. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімдігіне сілтеме жасап mangystaumedia.kz сайты хабарлайды.
Жұмыс тобы шағын аудан ішіндегі балалар ойын алаңдарын аралап, тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ата-аналар мен балаларға карантин режимін сақтап, аса қажеттілік болмаса (жұмысқа бару, дүкенге және дәріханаға шығуға) далаға шықпауға кеңес берді.
Сондай-ақ, кәмелетке толмаған балалар сыртқа ересектермен шығуы қажет. Мұндай түсіндіру шаралары карантин аяқталғанша, жүйелі түрде жүргізілетін болады.