Mangystaumedia.kz сайты 35 жыл хабарсыз қалған группаластарды табыстырды.
Ақтөбелік Дәметкен Қуантаева Шетпе кентінде тұратын танысын іздеп, почтамызға хат жолдады. Редакция іздеуге кірісіп, оның 1983-1985 жылдары Ақтөбе облысының «Темір Совхоз» техникумында бірге оқыған Шара Жаңбыршина деген группаласын тапты.
Оқу аяқтағаннан бері хат алысып, хабарласпаған едік. Жаңа телефонмен сөйлесіп, көзімізге жас алып қуанып қалдық. Сіздерге рақмет! Биыл 35 жылдыққа жиналамыз деген жоспарымыз болған. Бұйырса, қала карантиннен ашылса Шарамен жолығамыз, - деді Дәметкен Қуантаева.
Ал редакция ұжымы Шетпе кентінің тұрғыны Шара Жаңбыршинаны табуға атсалысқандарға алғыс білдіреді.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ