COVID-19-бен тіркелген Қызылордадан келген бір науқас ауыр жағдайда, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты МО ақпараттық қызметіне сілтеме жасап.
Ал басқа бес науқастың жағдайы орташа ауыр. Облыста бүгінгі таңда COVID-19-бен тіркелген 6 науқас, соның 5 облыстық аурухананың инфекциялық бөлімінде (Ақтау қаласында), 1 - Жаңаөзен қалалық инфекциялық бөлімінде. Оларға барлық диагностикалық және емдік іс шаралар жүргізіліп жатыр.
Облыс бойынша 1291 вирусологиялық тексеріс жасалып, соның 6-ынан коронавирус инфекциясы анықталған.