Бұл туралы Маңғыстау облысының ақпараттық қызметі хабарлады.
2020 жылғы 20 ақпаннан бастап облыста КВИ бойынша 2167 азамат мониторингке алынып, 1863 азамат бақылаудан шығарылды. Облыс бойынша 1291 вирусологиялық тексерістер жасалып, соның 6-нан коронавирус індеті анықталды.
2020 жылдың 8 сәуірі сағат 08:00 жағдайы бойынша:
1) Провизорлық стационарда – 57 күдікті науқас
2) Обсервациялық (карантиндік) стационарда – 30 азамат
3) Медициналық бақылауда үй карантинінде (телефон байланыста) – 368 азамат.
Медициналық ұйымдарда азаматтардың деректерін іздеу, қоңырау шалу және тексеру жұмыстары жалғасуда.
Облыс бойынша госпитальдардың жалпы сыйымдылығы:
1) Обсервациялық станционар – 810 (резерв - 330).
2) Провизорлық станционар – 316.
3) Инфекциялық станционар – 70.
Сонымен бірге, инфекциялық бөлімді 135 орынға көбейту мақсатында, бос тұрған ғимаратқа жөндеу жұмыстарын бастап, хиуругиялық, акушер-гинекологиялық және сол жерде, ҚР ДСМ тапсырмасына сәйкес, интенсивтік терапия орталығын (ауыр жағдайдағы науқастарға) ашу жоспарланды. Бүгінгі күні дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар жеткілікті.