Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында өңірде карантин режимі енгізілуіне байланысты қазіргі таңда оқушылардың қашықтан оқыту технологиясы енгізілді, сонымен қатар мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметі тоқтады. Осы жағдайға байланысты балалар күні бойы үйде болады. Бұл көп қабатты тұрғын үйлерде тұратын балалардың ата-ана қарауынсыз қалған кезде түрлі жағдайға ұшырауына апарып соқтыруы мүмкін. Әсіресе, балалар терезеден құлап кетуі мүмкін.
Сондықтан Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар дапартаменті ЗҚҚА және АҚСББ мамандары жазатайым оқиғаның алдын алу үшін төмендегі ережелерді ұстану қажет екенін ескертеді.
1. Үйде балалар болған жағдайда, ешқашан терезені ашық қалдырмаңыз.
2. Барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қойыңыздар. Егер бұл мүмкін болмаса, балаларға терезеге жақын орналасқан кереует немесе басқа да жиһаздардың үстінде ойнауына рұқсат бермеңіз.
3. Балконға ересектерcіз шығуға рұқсат бермеңіз.
4. Терезе қалай ашылатынын балаға көрсетпеңіз. Ол өз бетімен терезені ашуға үйренген сайын, оның пәтерде болуы қауіптірек болады.
5. Балалардың жасы үлкендеріне өзінен кейінгі кішілеріне қарап жүруін, сақтық шараларын үйрету керек.
6. Ешқашан ұйықтап жатқан баланы жалғыз өзін қалдырмаңыз. Себебі бала оянғанда терезеге қарай ұмтылу мүмкін.
7. Балаларыңыз терезені өз еркімен аша алмау үшін, терезелеріңізге бекіткіштер (арнайы бекіткіш) орнатыңыз.
8. Егер балаңызға терезе қарап бірнәрсе көрсетіп жатсаңыз, оны терезе алдына мінгізбеңіз, қолыңызда ұстап тұрыңыз.
Үйде осындай қарапайым ережелерді сақтай алсақ, балаларымыздың амандығын сақтаған боламыз. Бейқамдыққа жол беріп, опық жеп қалмайық.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА