Бұл туралы Түпқараған аудандық әкімдігі хабарлады.
Төтенше жағдай режиміне байланысты қауіпті індеттің алдын алу мақсатында Форт-Шевченко қаласының кіреберісіне қойылған мобильдік бақылау-өткізу бекеті өз жұмысын 29 наурызда бастаған.
Бекетте полиция қызметкерлері мен медицина саласының мамандары жолаушыларды тексеріп жатыр.