Облыс аумағындағы киелі орындарға зияраттап келушілерге шектеу қойылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының мәлімдеуінше, елде енгізілген төтенше жағдайға байланысты зиярат орындарында садақа, құдайы астар беру уақытша тоқтатылған.
Сондай-ақ, қажылық мақсатында Сауд Арабиясына баруға және әл-Масжид ән-Набауиге кіруге уақытша тыйым салынды.
Айта кетейік, COVID-19 вирусының қаупі жоғары болуына байланысты жұма намазын оқу үшін мешіттерге бару тоқтатылды.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ