Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін, 19 наурыз күні Атырау-Бейнеу және Жаңаөзен-Кендірлі-Түркіменстан трассаларына блок-бекеттер қойылды. Трасса жол жүру үшін ашық, бірақ жолаушылар тексеруден өту керек.
Полиция қызметкерлері Маңғыстау облысынан келетін және шығатын азаматтарды тексеретін болады. Тәртіп сақшыларымен бірге медицина қызметкерлері кезекшілік етеді.
Бекеттер 15 сәуірге дейін тұрады. Онда тәулік бойы полиция қызметкерлері мен медицина қызметкерлері денсаулығы нашар адамдарды немесе шекарадан заңсыз өтуге тырысатындарды анықтау үшін кезекшілік етеді, - делінген хабарламада.