Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, білім саласындағы мемлекеттік қызметкерлердің 70% жуығы қашықтықтан жұмыс істейтін форматқа көшеді, олардың арасында еңбек демалыстарына шыққандар да бар.
Мектеп мұғалімдерінің жалақылары каникул кезіндегі есептемелермен жүргізіледі, колледждер мен жоғарғы оқу орындары оқытушыларының жалақылары үздіксіз төленеді. Қазіргі кезеңде жұмысы тоқтатылған қосымша білім беру ұйымдары мен ПМПК, КППК қызметкерлерін ақы төленетін еңбек демалысына жіберу мәселесі қарастырылып жатыр.
«Білім және ғылым министрлігі тарапынан 6-сәуірден бастап мектеп оқушыларын онлайн оқытуға көшіруге жұмыстанатын жұмыс тобы құрылды. Осыған байланысты көптеген мәселелер де туындап жатыр. Ауылдық жердегі интернет жылдамдығы, интернет ресурстары, оқу материалдары, компьютер т.с.с сияқты мәселелер. Бірақ оның барлығын министрлік 6-сәуірге дейін анықтайды. Барлық жағдайлар ескеріледі. Білім беру ұйымдарына тапсырма берілетін болады», - дейді Асқар Сейдалиев.
Бүгінгі таңда COVID-19 коронавирус пандемиясының білім беру ұйымдарында таралуының алдын-алу мақсатында келесі жұмыстар жүргізіліп жатыр:
Сондай-ақ, Маңғыстау облысы білім сапасын бақылау департаменті 2020 жылдың I жартыжылдығында 20 білім беру ұйымына профилактикалық бақылау жүргізуді жоспарлады. Биыл қаңтар, ақпан, наурыз айынан бастап осы мерзімге дейін (төтенше жағдайға дейін) 8 білім беру ұйымы тексерілді.
«Төтенше жағдайға байланысты, біз жоспарлап қойған бақылаудың бәрін әзірге тоқтата тұрдық. Бірақ мониторингтік топ ЖОО мен колледж студенттерінің қашықтан оқуға мүмкіндіктерін тексерді. Қашықтан оқуға мүмкіндік барын анықтай алдық», - дейді Маңғыстау облысы білім сапасын бақылау департаментінің басшысы Өмірзақ Есболат.