Қаладағы базарлар, азық-түлік желілері мен дүкендер қалыпты режимде жұмыс істейді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімдіктің мәліметінше, азық-түлік қоры жеткілікті. Сондай-ақ, коммуналдық және әлеуметтік маңызы бар нысандарда дезинфекциялық режим күшейтілген.
"Сақтық шаралары аясында адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға шақырамыз", - деп хабарлады Ақтау қалалық әкімдігі.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ