Коронавирус инфекциясының таралу қаупіне қатысты ел аумағында төтенше жағдайдың жариялануына байланысты "Ақтау" ОСО және "Ардагер" сауда орталығы 16 наурыздан бастап уақытша жабылмақ,- деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сауда орталықтары төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін өз жұмысын қайта бастайды. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, "City Market" супермаркеттері мен "Ақтау" ОСО мен "Ардагер" сауда орталығындағы дәріханалар әдеттегі режимде жұмыс жасайтын болады.
Махаббат Нұржанқызы