М. Тынышбаев атындағы Ақтау көлік колледжінде «Жастарды кәсіпкерлікке баулу» жобасының еркін форматта бітіруші түлектермен алғашқы кездесуі өткізілді.
Кездесуге колледж директоры Т. Утебаев, «Логос Атырау» қоғамдық қорының директоры, бизнес-тренер, ментор Б. Шайхиева және қатысты.
Олар Жоба аясында алдағы уақытта жоспарланған шаралар бойынша толық ақпарат беріп, студенттер сұрақтарына жауап берді.
- Кездесу соңында «Логос Атырау» қоғамдық қоры және Колледж өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Меморандум аясында:
-кәсіпкерлікке ниеті бар түлектерге әр апта сайын факультативтік сабақтар өткізу арқылы, бизнес жобалар жасақтауға үйрету;
- колледжде «Кәсіпкерлікке баулу» кабинетін ашу;
- «Enactus Kazakhstan» қозғалысы, «Тәуелсіздік ұрпақтары» т.б. жобаларға студенттерді қатыстыру жоспарлануда.
Аталған жоба өңірде алғашқы рет эксперимент ретінде жүзеге асырылуда.
Жобаны сүйемелдеуге («Кәсіпкерлікке баулу» кабинетін рәсімдеуге көмектесу, тарату матераиладарын беру, тренингтер өткізу т.б.) Әлеуметтік инноватаорлар қауымдастығының Әмин Аскеров және Mediana Services Limited компаниясыны техникалық директоры Өмірбек Курманбаев ниет білдіруде.