«Темір баба» кеден бекетінде өткізу пункттерін реттеу бойынша халықаралық сарапшылардың озық ұсынымдарын ескере отырып, оны жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру жөніндегі жобаны іске асыру басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.
Аумақтық мемлекеттік кірістер департаментінің дерегі бойынша пунктінің өткізу қабілетін 8 есеге арттыру және уақытты екі сағаттан 25 минутқа дейін қысқарту жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру кезінде өткізу пункті жабылмайды, бірақ автокөлік пен жеке тұлғалардың қозғалысы шектеледі.
Шекарадан өту қауіпсіздік шараларын сақтап, уақытша келісілген технология бойынша жүзеге асырылады.
Жаңарту жұмысы 2024 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр. Жұмыс аяқталғаннан кейін
Қазақстан азаматтары мен қонақтарының шекарадан өтуі үшін ыңғайлы жағдай жасалмақ.
«Темір-баба» кедендік бекетінің қызметкерлері шекара арқылы тасымалданатын автокөлік құралдары мен көптеп келіп жатқан тұлғалармен сәтті жұмыс істеп жатыр. Мәселен, 2023 жылдың қазан айында тауарларды шығарудың орташа уақытын анықтау бойынша іс-шаралар өткізілді.
Зерттеу нәтижелері бойынша «Темір баба» өткізу пунктінде тауарларды шығарудың орташа уақыты тиісінше 1 сағат 45 минутты құрады.
Автомобиль өткізу пункттерінде тауарларды шығарудың орташа уақыты автокөлік құралдары ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне шекаралық және кедендік бақылау аймағына кірген сәттен бастап тиісті кедендік рәсімде тауарлар шығарылғанға дейін есептеледі.