Әлеуметтік желіде жаңаөзендік мұнайшылар мұнай ұңғымаларының тоқтап қалғанын көрсетіп, видео түсірген. Видео авторлары осының салдарынан жалақының төмендеп, жұмысшылардың қысқартылуы мүмкін екенін айтқан, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz cайты Тіл кеспек жоқ телеграм каналына сілтеме жасап.
Компания мұның шындыққа жанаспайтынын хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, 36 қондырғының сегізі тоқтатылып, қазір 28-і жұмыс істеп тұр.
«Ұңғымалардың тоқтауы мұнай өндіруге кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Бірақ соған қарамастан, қызметкерлердің еңбекақысы толығымен төленіп, жұмыс орындары сақталады», - делінген хабарламада.