Кеше Ақтаудағы «Хан-Шахар» салтанат сарайында «Мерейлі отбасы - 2024» ұлттық байқауы облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы ел мерейін асқақтатар ұлттық жобасы жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінде өткізіліп келеді. «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған шара. Байқау халықаралық отбасы күнінде жарияланып (15 мамыр) Республика күніне орай қорытындыланады.
Байқауды өткізудің мақсаттары:
1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу, және кеңінен насихаттау;
4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
Биылғы өңірлік байқауға облыстың аудандары мен қалаларынан мұнай-газ, білім, денсаулық сақтау, өнер, кәсіпкерлік және т.б. салаларынан құралған 54 отбасы өтінімдерін берген. Байқауға көпбалалы отбасылар мен жас отбасылар белсенді қатысты.
Биылғы жылы байқаудың облыстық кезеңіне14 отбасы жолдама алды. Оның ішінде ұстаздар династиясы, өнерлі әулеттер, кәсіпкер отбасылар, ата кәсібін ұрпақтан-ұрпаққа мирас еткен еңбек әулеттер бар.
Атап айтқанда:
- Ақтау қаласынан:Рзаевтар отбасы, Жайлиевтар отбасы.
- Жаңаөзен қаласынан:Қаспаевтар отбасы, Орынбаевтар отбасы.
- Бейнеу ауданынан: Құсайыновтар отбасы, Бурашовтар отбасы.
- Қарақия ауданынан:Хасановтар отбасы, Нұрғараевтар отбасы.
- Маңғыстау ауданынан:Мұқырбаевтар отбасы, Тәпенұлы отбасы.
- Мұнайлы ауданынан: Алиевтер отбасы, Рахметоллиндер отбасы.
- Түпқараған ауданынан: Маңғыбаевтар отбасы, Өтебай отбасы.
«Мерейлі отбасы - 2024»ұлттық байқауының облыстық жеңімпаздарын анықтау жөніндегі өңірлік комиссияның шешіміне сәйкес келесі отбасылар жеңімпаз болып анықталды.
І орынМаңғыстау ауданының Мұқырбаевтар отбасы.
ІІ орынАқтау қаласының Рзаевтар отбасы.
ІІІ орынҚарақия ауданының Хасановтаротбасы.
Сонымен бірге, облыстық кезеңге қатысқан қалған 11 отбасыларға лауреат атағы берілді. Жеңімпаз отбасыларға бағалы сыйлықтармен марапатталды. Маңғыстау облысынан атынан республикалық кезеңге Маңғыстау ауданының Мұқырбаевтар отбасы жолдама алды.
Мұқырбаевтар отбасы – жылқыны жан серігі етіп, ат жаратып, тұлпар баптап, осы киелі өнердің жарасымын тауып, мәртебесін молайтып жүрген, сәйгүліктердің сырын танып, жүйрік пен жорғаны ұлы-жіңгір бәйгеге қосқан, додаларда ақ боз аты оза шапқызып ата дәстүрін аялап жеткізіп отырған үлгілі отбасы. Отағасы - Мұқырбаев Бұғабай Майрамбайұлы, 61 жаста, өңірдің белгілі сәйгүліктерін тәрбиелеп, жас шабандоздарға ұстаздық етіп жүрген жан, Қызан ауылының қадірлі азаматтарының бірі, көп ағайынды отбасы. «Шобық» шаруа қожалығының жетекшісі. Жастайынан ат құлағында ойнап, көп бәйгеде жүлделі орынға иеленген. Елімізде алғашқы «Ұлы Дала жорығы» 1200 шақырымдық марафон бәйгеде бас жүлдені жеңіп алған «Көкмойнақ» командасының, Маңғыстаулық атбегілердің бапкері.
Отанасы – Тоғысова Кулаш Айтуарқызы, 61 жаста, «Күміс алқа» иегері. «Шобық» шаруа қожалығында шұбат өндірумен, түйе жүнінен көрпе тігумен айналысады. Балаларының бойына сапалы білім мен саналы тәрбиені сіңіріп, биіктерді бағындырған. Ел дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарымен марапатталған. Мұқырбаевтар отбасы – 6 бала, 23 немере тәрбиелеп өсіріп отырған үлкен қара шаңырақ. Мұқырбаевтар тбасынан 2 жеке кәсіпкер, 1 эколог, 1 қаржы саласының қызметкері,1 мұнайшы, 1 медицина қызметкері, 1 кадастр қызметкеиегерлері шыққан. Немеренің алды 14 жаста, жалпы 23 немересі бар.