28 қараша күні сағат 16.48-де Ақтау қаласының халықаралық әуежайының электрондық мекенжайына жасырын түрде ғимаратқа салынған жарылғыш құрылғы туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
- Оқиға орнына тиісті қызметкерлер шықты. Әуежай аумағын тексеру барысында жарылғыш заттар мен құрылғылар табылған жоқ.
Қазіргі уақытта әуежай штаттық режимде жұмыс істейді.
Сондай-ақ, көлік полициясының жедел қызметкерлері жасырын тұлғаның жеке басын анықтап, жауапқа тартады,-деп хабарлайды көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі.