Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясының бас маманы Айдар Бисеновтың айтуынша, 2018 жылы күрделі жөндеуге әкімдіктен ешқандай қаражат бөлінбеген. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 5-шағынаудандағы 1-үйдің тұрғындары өз өтінішінде әкімдік жөндеуге қаражат бөлді деп мәлімдеген болатын, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
- Жоғарыда аталған үйге жөндеу жұмыстары демеушілік қаражат есебінен жүргізілді. Алайда жөндеу жұмыстары аяқталған жоқ. Осыған байланысты тұрғындар бұл мәселені тікелей демеушімен шешуі қажет, - деді Айдар Бисенов.
Естеріңізге сала кетейік, 5-шағынауданның 1-үйінің тұрғындары Ақтау қаласының әкіміне бейнеүндеу жариялап, "Шанс" ПИК-нің қызметін тексеруді сұраған еді. Олардың айтуынша, аталған тұрғын үй апатты күйге түскен.