Маңғыстау өңіріндегі көрікті аймақтарды тамашалауға келетін жандардың саны артып келеді. Осы тұрғыда, Қызылсай өңірлік паркінің инспекторы Елтай Темирханов, барша қонақтар мен тұрғындарды тәртіпке бағынуға шақырады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz өңірлік табиғи ресурстар басқармасына сілтеме жасап.
- Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Бозжыра шатқалы Қызылсай мемлекеттік өңірлік паркіне қарасты аумақта орналасқан. Қазіргі таңда демалушылардың көптеп келуіне байланысты, қоқыс қалдықтарымен ластап кету жағдайлары жиі орын алып жатыр. Осыған орай, от жақпауды және қауіпсіздік шараларды қатаң сақтау керек екенін ескертеміз! Сондай-ақ, атаулы аймақтарда аң-құстар мекен ететіндіктен дрон аппаратын ұшырмау қажет,- деді Елтай Темирханов.
Облыстық табиғи ресурстар басқармасы сондай-ақ жаңғырық дыбыстарын шығаратын құрылғыларды қолдануға болмайтынын жеткізді.