Маңғыстау облысында өткен апта ішінде 3 рет өрт оқиғасы болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өткен аптада өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелеріне 21 қоңырау түскен. Оның 3-еуі өрт жағдайына байланысты болып отыр.
6 ақпан күні кешкі сағат 20:00-де Жаңаөзен қаласы, Ақсу шағын ауданында орналасқан үйдің моншасынан өрт шыққан.
Ал 8 ақпан күні кешкі сағат 18:00-де Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылдық округінде орналасқан үйдің ауласындағы қорамен жапсарлана салынған монша отқа оранған.
9 ақпанда сағат 09:07-де Бейнеу ауылының Қарағайлы көшесіндегі үйдің ауласында тұрған «Daewoo-Nexia» көлігінің бір бөлігі жанып кеткені белгілі болды.
Бұл жағдайлар бойынша өрт сөндіру қызметкерлері өртті толық сөндірген. Ал оқыс оқиға кезінде өрттен зардап шеккендер тіркелген жоқ.