Бұл туралы облыстық экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
"Біз бұл жағдай туралы хабардар болып отырмыз. Біздің атыраулық әріптестеріміз экология Министрлігінің тапсырмасы бойынша Қиғаш өзенінде мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Ол Ахтуба өзенінен бастау алады. Бұл Еділдің жеңі. Ал Ахтуба оқиға болған жерден жоғары. Сондықтан Қиғаш өзеніне ағынды сулардың түсуі екіталай. Дегенмен, барлық құрылымдармен қажетті жұмыстар жүргізілуде. Мәселе министрліктің бақылауында", - деді департамент басшысы.