Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұшақ жолаушылары мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты тыйым салынған заттар тізімін кеңейтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазақстанда кірпікке арналған тушь пен ерінге арналған далап ұшақта қол жүгінде тасымалдауға тыйым салынған заттардың тізіміне енді.
Әуежайда немесе ұшақ бортында сатып алынған медициналық препараттар мен балалар тағамы, сондай-ақ сұйықтықтарды тасымалдауға рұқсат етіледі.
Қол жүгінде тасымалдауға тыйым салынған заттар мен нәрселер: сыйымдылығы 100 миллилитрден асатын ыдыстардағы сұйықтықтар, аэрозольдер мен гельдер, оның ішінде:
су және басқа сусындар, сорпалар, сироптар, джемдер, бұқтырылған тағамдар, тұздықтар мен пасталар;
тұздықтардағы немесе сұйықтықтың көп мөлшері бар тамақ өнімдері;
кремдер, лосьондар, косметика және майлар;
әтірлер;
спрейлер;
шаш пен душқа арналған гельдерді қоса алғанда, гельдер;
қырыну көбігін, көбіктің басқа түрлерін, дезодоранттарды қоса алғанда,
қысымдағы ыдыстар;
пасталар, оның ішінде тіс пастасы да;
қатты заттары бар сұйықтық қоспалары;
кірпікке арналған тушь ;
ерінге арналған далап.
«Ұшу уақытына қажетті мөлшердегі дәрілік препараттар, балалар тағамы мен арнайы диеталық қажеттіліктер, сондай-ақ әуежайда бажсыз сауда дүкендерінен немесе әуе кемесінің бортынан сатып алынғандар тасымалдау бойынша ерекшелікке ие болады», — делінген құжатта.
Багажда тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселер: батареялармен жұмыс істейтін портативті электронды темекі шегу құрылғылары, оның ішінде
электронды темекілер,
электронды жұқа сигаралар,
электронды сигаралар,
электронды түтіктер,
жеке буландырғыштар,
электронды никотин беру жүйелері).
Батареялар құрмындағы литий 2 грамнан, ал литий-ионды батареялардың үлес қуаты — 100 ватт-сағаттан аспауы тиіс.
Сондай-ақ Бір адамға екі бөлек қорғалған қосалқы батареядан артық емес. «Пайдаланушының келісімі бойынша құрамында литий-ионды батареялары бар портативті электрондық құрылғыларды және меншікті қуаты 100 ватт-сағатта, бірақ 160 ватт-сағаттан аспайтын қосалқы литий-ионды батареяларды тасымалдау үшін.», — делінген құжатта.