Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда вейп пен электронды темекі ұлт денсаулығына қауіп төндіретінін атап өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ұлт денсаулығына қауіп төндіретін тағы бір кесел - бұл вейптер мен электронды темекінің алуан түрлері. Өкінішке қарай, оларды қолдану жасөспірімдер арасында сәнге айналды. Бұған олардың қолжетімділігі мен заңсыз жарнама ықпал етеді. Шын мәнінде жастар өзіне қауіп-қатер төндіріп отыр. Себебі вейптердің өзі зиянды, есірткіге бір қадам жақын. Осы қауіпті құбылыспен күресу үшін жүйелі әрі шұғыл шаралар қабылдау керек, тек тыйым салумен мәселе шешілмейді», - деді Мемлекет басшысы.